Уақыт белдеуі: ДСМ ұстанымы қандай

elements.envato.com
elements.envato.com
Тараптар тартысы екі сағатқа созылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Уақыт белдеуін кері қайтаруды талап еткен петиция бойынша алдын ала шешім қабылданды. Бүгін 50 мың қол жинаған құжатты қарау кезінде Денсаулық сақтау, Энергетика және Сауда министрліктері бастамашылармен жиналып, кезекті отырыс өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған жиында екі тарап ортақ шешімге келе алмады. Осы кездесуде Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев петиция талабына байланысты шешім жобасын жариялады. Оның сөзінше, уақытты өзгерту шешімі денсаулыққа да, электр энергиясын тұтыну шығындарына да әсер еткен жоқ. Алайда бұл – нақты шешім емес.

– Шетелдік ғалымдардың зерттеуінше, адамның ағзасы уақыттың жылжуына үйренуі үшін 2 күннен бірнеше айға дейін кетеді. Сондықтан нақты шешім айту қиындау. Уақыт жылжығалы бері ауруханаға жүгінетіндер саны өзгерген жоқ. Яғни «халықтың денсаулығында қандай да бір өзгеріс бар» деп айту қиын. Мұндай зерттеулерге жылдап уақыт керек. Министрлік зерттеу жүргізуге дайын, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.  

Оқи отырыңыз: Екі мыңға жуық мектеп Starlink интернетіне қосылды

Новости партнеров