Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Асқар Білісбеков осылай деп мәлімдеді. Әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен халық тұтынатын тауарлар құнын бірқалыпты ұстау шараларына арналған жиында нан бағасының сақталатыны да белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ас атасының қымбаттауына жол бермеу үшін қала билігі жетекші наубайхана кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізіп меморандумға қол қойды.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс үздіксіз жүргізілуде. Егер адамдар бір тауардың бірдей бағамен сатылатынын білсе, ақша тапқысы келетін адамдар пайда табуды ойлайды. Мұны қалай тоқтатуға болады? Біз осы мәселелердің барлығын келісім-шарттарда белгіледік. Ал нан мен ұнның бағасы туралы айтатын болсақ, ұнның 1 килограммы 115 теңге тұрады. Бұл ең төменгі құны. Яғни, наубайханашылар үшін нанды өндіруге кедергі келмейді деген сөз. Ол нан бағасын 2020 жылдың 1 ақпанына дейін 75-80 теңгеден ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деді «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ басқарма төрағасы Асқар БІЛІСБЕКОВ
Сондай-ақ, ұн, сиыр, тауық еті, көкөніс өнімдері бойынша баға тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында да көптеген шаралар жасалған. Яғни, бәсекелестік ортаны құру, азық-түлікті тікелей жеткізуді ұйымдастыру және бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктерін іске қосу іс-шаралары жүзеге асырылуда дейді корпорация өкілдері.