|
21.11.2019 | 20:09
3517

Алматы метро полициясына алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті

Осы арқылы қоғамдық жерлерде науқастанған адамдардың өмірін сақтап қалуға болады

Алматы метро полициясына алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті

Онда қалалық дәрігерлер шұғыл көмек көрсету кезінде негізгі медициналық ережелерді түсіндіріп, сонымен қатар манекендерге жүрек-өкпе реанимациясын қалай дұрыс жүргізу керектігін көрсетті,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Адам көп шоғырланған жерлерде әрбір адам алғашқы медициналық көмекті білу. Осы тұста метрополитен полициясы қоғамдық қауіпсіздік пен қатар медицинадағы ең негізгі жүрек-өкпе реанимациясын білуі керек. Қарапайым ғана жаттығулармен өзін жайсыз сезінген адамды аман алып қалуға болады», - дейді Алматы қаласы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігері Андрей ЦОЙ.

Шұғыл медицина орталығындағылардың айтуынша мұндай шаралар әлі де болса, өзге салаларда да жалғасын таппақ. Денсаулық сақтау министрлігімен өтетін осы сынды акцияларды жиі ұйымдастыру арқылы қоғамдық орындарда науқастанған адамдардың жедел жәрдем келгенше өмірін сақтап қалуға мүмкін болады.

«Метрополитен стратегиялық аймақ болып есептелінеді. Ол жерде адамдар көп шоғырланады. Егер бір адамның жағдайы ауыр болып жатса, жүрек талмасы немесе басқа да жағдайлар болған кезде метрополитен полициясы алғашқы шұғыл көмек көрсете білуі керек», - дейді «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» Алматы қаласы бойынша өкілдігінің директоры Нұрдәулет ӨМІРБЕКОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир