Қазақстандықтар банктің мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюға өтініш бере алады

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар енді банктің мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюға өтініш бере алады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфон арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Талғат Уәлидің мәліметінше, белгілі банктердің мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін өтінім беруші "Мемқызметтер" бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі керек. Содан соң екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет. 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді. 

Айта кетейік, бұл мерзім бұрын 1 ай болған.

Новости партнеров