Павлодарда монша кешенінде жарылыс болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Әлеуметтік желіде видеосы тарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

19 маусымда кешке таман Павлодарда монша мен кір жуу кешенінде газ жарылды. Жарылыс салдарынан кешеннің сыртқы қабырғасы жартылай опырылып, жақын маңдағы көліктерге зақым келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке жасап 

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрларда көрсетілгендей, жарылыс салдарынан ғимарат қабырғасында үлкен тесік пайда болған. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусымда сағат 19:39-да Қамзин көшесі, 132 мекенжайы бойынша монша-кір жуу кешенінің аумағында қазандықтың бір қабатты ғимаратында бу қазандығы ашылып, нәтижесінде газ-ауа қоспасының жарылысы болған. 

- Нәтижесінде 20 шаршы метр аумағында сыртқы қабырға құлады. Сонымен қатар жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады департамент өкілдері. 

Оқиға орнында ТЖД-ның 9 қызметкері, 4 құтқарушы жұмыс істеді, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы және полиция департаментінің қызметкерлері болған.

Оқи отырыңыз:Астаналық Бауыржан Қамалиев 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, рекорд жаңартты

Новости партнеров