54 жастағы әйелді мекеменің жүк көлігі басып кеткен
Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде қаза тапқан жұмысшының өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай Егіндікөл ауданында болған. 54 жастағы әйелді мекеменің жүк көлігі басып кетіп, азамат оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы аудандық полиция бөліміне апат болған жерге жеткен дәрігерлік амбулатория фельдшері хабарлаған. Қазір кәсіпорынға тек құқық қорғау органдары емес, еңбек инспекциясы да тексеріс жүргізіп жатыр.
– Түркістан облысының 57 жастағы тумасы басқарған жүк көлігі жұмысшыны абайсызда басып кеткен. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізіп жатыр, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Әлия Біләлова.
Оқи отырыңыз: Петропавлда алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді