|
16.09.2024 | 13:52
116

Көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларының тиімділігі төмен - сарапшы

2030 жылға қарай елдің энергия тұтынуы шамамен 35пайызға өседі

Көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларының тиімділігі төмен - сарапшы elements.envato.com

2030 жылға қарай елдің энергия тұтынуы шамамен 35 пайызға өседі. Сала мамандары, сұраныс артқан сайын тозығы жеткен, көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларының тиімділігі төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар бұл мәселені шешуде АЭС-тің маңызды әрі шешуші рөл атқаратынына қатысты пікір білдірді. Мәселен қуаты 1 гигаватт болатын өндіріс ошағынан шамамен 50 текше метр радиоактивті қалдық шығарылады екен. Ал жылу электр орталығы ауаға кем дегенде 200 мың тонна зиянды зат бөледі.

– Қазақстанға АЭС қажет. Ол арқылы келешек ұрпақтың болашағын жарқын болады. Көмір жағуды көп ұзамай тоқтатамыз. Себебі одан шығатын қалдық жердің орташа температурасын көтеріп жатыр. Ал оны атом электр стансасымен алмастыру түйіткілді шешуде тиімді болмақ, – деді тарих ғылымының докторы, профессор Георгий Кан.

Оқи отырыңыз: Алматыда Apple Fest-те 1700 литр рекордтық алма компоты қайнатылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир