|
05.07.2020 | 14:26
6776

«Алматы» арнасынан «Көшбасшылар Елбасы жайында» деректі фильм көрсетіледі

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған

«Алматы» арнасынан «Көшбасшылар Елбасы жайында» деректі фильм көрсетіледі presidentlibrary.kz

6 шілде күні отандық бірқатар телеарна ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Көшбасшылар Елбасы жайында» деп аталатын жаңа деректі фильм көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Көшбасшылар Елбасы жайында» деп аталатын деректі фильмде ҚР Тұңғыш Президентінің әлемнің жетекші елдерінің басшыларымен келіссөздері, әңгімелесу барысындағы эксклюзивті сәттер таспаланған тарихи киножылнаманың бірегей кадрлары ұсынылады, – делінген ҚР Президенті телерадиокешенінің Instagram парақшасында жарияланған аңдатпада. 

Сонымен аталған жаңа деректі фильм отандық мына телеарналарда 6 шілде күні көрсетіледі: «Kazakh TV» телеарнасы, сағат 12:10. «Алматы» телеарнасы, сағат 13:00 (қазақ тілінде). «КТК« телеарнасы, сағат 12:00. «Білім және мәдениет» телеарнасы, сағат 12:00. «Qazaqstan» телеарнасы, сағат в 12:00. «Хабар24» телеарнасы, сағат 22:15. «Хабар» телеарнасы, сағат 19:10. - «СТВ» телеарнасы, сағат 19:00.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир