Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер берілетін болды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, мәселе 25 сәуірге дейін шешімін табады.
"Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде күш құрылымдарының 19 қызметкерінен, оның ішінде шекара академиясының үш курсантынан айырылып қалғанымыз баршаға аян. Бүгінде нақты шешім бар, 13 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 25 сәуірге дейін шешілуі тиіс", - деді Премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында.
Сонымен қатар Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің қадағалауында екенін жеткізді.