Жалпы, карантин енгізілгеннен бастап, сотпен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1 мың 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 577 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 1 мың 54 адамға айыппұл салынды, 334 адамға ескерту жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көрсетілген санның ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы 6-бөлімі – көшеде негізсіз жүргені үшін 1 мың 561 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 401-і қамауға алынды, 870 адамға айыппұл салынды, тағы 290 адамға ескерту жасалды. ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы 1-бөлімі – бақылау-өткізу пунктерін айналып өтіп, қаланың кіру тәртібін бұзғаны үшін 397 адам әкімшілік жауапкершіліккетартылды, олардың 169-ы қамауға алынды, 184-іне айыппұл салынды, 44 адамға ескерту берілді.
Қалада орнатылған 41 тосқауыл бекеттерінде 54 мыңнан астам көлік тексерілді. Өткен тәулік ішінде 34 жүргізуші қала бойынша заңсыз жүргені үшін ұсталды, оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды», – деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.