Жер учаскесi шетелдіктерге берілмейді – Мұрат Теміржанов

facebook.com
facebook.com
Егер кез келген субъектілер тарапынан аталған заң нормаларын бұзу дерегі анықталған жағдайда оларға жол берген субъектілер заңнама талабына сәйкес жауапқа тартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынғанын атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Жер комитетінің төрағасы–ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді.

Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз. https://www.facebook.com/100039084435778/posts/969786434334162/?mibextid=cr9u03

https://www.facebook.com/10000.../posts/2421605568017624/...

Сонымен қатар, Кодекстің 38-бабының 5-тармағына сәйкес  жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға (субарендаға) беруге жол берiлмейдi.

Егер кез келген субъектілер тарапынан аталған заң нормаларын бұзу деректері анықталған жағдайда оларға жол берген субъектілер заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылады және бұл мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында", - деп жазды ҚР Жер комитетінің төрағасы–ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов.

Новости партнеров