|
01.08.2024 | 14:28
137

ШҚО-да жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап кетті

Алайда ол бойынша қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалмаған

ШҚО-да жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап кетті elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында 12 жастағы жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 шілде күні Ұлан ауданы Сібе көліндегі демалыс орындарының бірінде болған.

12 жастағы жеткіншек футбол қақпасына асылып ойнап тұрған.

Сол кезде қақпа құлап кетіп, бала басынан жарақат алған. Медициналық мекемеге жеткізілген оған дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, көгерген маңдайын таңып берді.

Келесі күні жеткіншектің ата-анасы полицияға арыз түсірді.

Алайда ол бойынша қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалмаған.

Оның себебін Ұлан аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Қонжанов түсіндірді.

— Бұл — азаматтық құқықтық жауапкершілік. Сондықтан сотқа арызданған жөн, — деді ол.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкер ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир