Қарызсыз қоғам: жоба аясында қандай оқулық дайындалды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

170 мыңнан астам қазақстандық «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша білім алды. Былтыр қолға алынған бастама республиканың барлық өңірінде жүріп жатыр. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған жобаның ерекшелігі қандай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев жауап береді.  

– Эльдар мырза, «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты қандай?

– Ел Президенті  Жолдауында Үкіметке «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды. Былтыр пилоттық жоба аясында 8 өңірде 65 000 адамды оқыттық. Биыл барлық өңір қамтылды. Қала және ауылдан келген 250 мың адам оқып жатыр. 500 мыңға жуық мектеп-колледж, ЖОО студентін  оқытуымыз керек. Біз мәселенің салдарымен күресіп жатырмыз. Осыған байланысты партияда  методикалық топ құрылды. Эстония, Финляндияға барып, тәжірбиесін көрдік. Оларда мұндай проблема жоқ. Сондықтан 5-сыныптан жоғары оқушылар нені білуі керек?  Оқулық дайындадық. 7500 мұғалімді оқытып жатырмыз. 1 қыркүйектен бастап олар мектепте оқушыларды оқытады. Биыл 500 мың мектеп оқушысын оқытуымыз керек.

– Бүгінге дейін жоба қанша адамға шарапатын тигізді? Қанша қазақстандық кәсіп ашып, ісін дөңгелетіп отыр?

– Былтырмен салыстырғанда 17 мың адам оқыды. Оның 65 мыңы әртүрлі деңгейде көмек алды, соның ішінде ісін бастаймын деген адам саны 6000-нан асады. Оларға тегін бизнес жоба жазып бердік. Олар бизнес ашпаса, мойнында бар қарыздан құтыла алмайтынын түсінді. Қазір «ауылда жасалған» деген сертификатты ұсынып жатырмыз. Қабылданса, ауылда жасалған сары май, қаймақ, ірімшік сынды өнімдерді дүкен сөресіне жеткізуге мүмкіндік болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды

Новости партнеров