|
31.05.2024 | 14:37
405

Тасымал қызметін оңтайландыратын жаңа қосымша пайда болды

Бұл туралы цифрлық инфрақұрылымды дамытуға арналған форумда белгілі болды

Тасымал қызметін оңтайландыратын жаңа қосымша пайда болды elements.envato.com

АҚШ, Германия мемлекеттерімен онлайн сауда жасау әлдеқайда жеңілдей түспек. Бұл туралы цифрлық инфрақұрылымды дамытуға арналған форумда белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жоба авторлары тасымал қызметін оңтайландыратын жаңа қосымшаны таныстырды. Оның көмегімен тұтынушылар төлем картасын үйде отырып-ақ аша алады. Тіпті кеден қызметтеріне онлайн жүгінуге мүмкіндік бар.

Қосымшаның жаңа нұсқасы жарты жыл бұрын қолданысқа енген. Оның қайта өңделген түрі жарыққа шықты. Жеткізу қызметіне жүгінетін қазақстандықтар АҚШ, Германия елдерінен қалаған затын небәрі 14 күннің ішінде ала алады. Сондай-ақ тұтынушылардың арнайы бөлімшелерге келіп, уақыт жоғалтпауы үшін курьерлік қызмет те іске қосылып отыр.

– 2023 қарашада 1 «Demo Day» болған. Ол жерде пошталық қызмет елге ыңғайлы болуы үшін жеңілдеттік. Бүгінгі таңда екінші "Қазпошта" диджиталымызда негізінен қаржы жағына көңіл бөліп отырмыз, – деді компания қызметкері Серік Қалтаев.

Инновациялық жүйе арқылы 5 түрлі төлем картасының бірін таңдап, жаңасын ашуға болады. Компания серіктестері арқылы несие рәсімдеуге де жағдай жасалған. Ал маркетплейсте тұрмыстық техниканың, жиһаздар мен аксессуарлардың түр-түрін таба аласыз.

– Әрбір шетелден келген сәлемдеме заң бойынша кеденнен өтуі керек. Онда барып бүкіл қағазды толтыру қиын. Енді ештеңе қажет болмайды, 3 минуттың ішінде кедендік рәсімдерден өте аласыз, – деді компанияның бас маманы Алмас Тұяқбаев.

Жоспар бойынша алдағы уақытта Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай мемлекеттерімен байланыс орнатылып, аталмыш елдерден тапсырысты тікелей тасымалдауға жағдай жасалады. Қазір қосымшаның ескі және жаңа нұсқасы қатар жұмыс істеп тұр. 1 шілдеден бастап бұрынғысы қолданыстан шығады. Ал жаңасы тұрақты түрде жаңартылып отырады.  

Рүстем Айткәрім, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматыда ТЖ кезінде жаппай құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир