Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы бүгінгідей алмағайып уақытта дер кезінде жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғам қайраткерлері де осындай ортақ ой айтып, өз пікірлерімен бөлісуде. Зиялы қауым өкілдері мақаланың мазмұны түсінікті жеткізілгенін айтады. Тұңғыш Президенттің халықты ауызбірлікке шақыра отырып, әлем күрескен індеттен қалай құтылудың жолын көрсетуі жұрт күткен рухани азық бола білді дейді.
«Елбасы Президентіміздің айналасына шоғырлануға шақырады. Атқарылып жатқан шаралардың ұшан-теңіз, жинақы, уақыт талабына сай екеніне, карантин басталғалы халықты ыждаһаттылықпен жұмылдыра білгеніне оң бағасын береді. Одан кейін жер әлемінде не болады, Қазақстанның пандемиядан кейінгі тағдыры қалай болады деген ойларын ортаға салады», – деді жазушы, драматург Нұрлан ОРАЗАЛИН.