Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған фотокөрме өтті

kazaknews.kz
kazaknews.kz
40-тан астам туындысы ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бірінде бірінші тұлға жөнінде». Осындай атаумен Нұр-Сұлтандағы ұлттық музейде қазақстандық фотограф Тұрар Қазанғаповтың фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент күніне арналған шарада автор Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігі мен келісімін дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған 40-тан астам туындысын ұсынды. Бұдан бөлек,  мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  

«Бұл көрмеде Елбасымыздың шетелге барған ісспарларынан, Қазақстан аймақтарынан аралау барысында түсірілген суреттер қойылды. Оның ішінде ең соңғысы Қытай еліне жасаған ресми сапары. Оның ерекшелігі – Президент өкілеттігін тоқтатқаннан кейін барған болатын. Мен жұмыс барысында Тұңғыш Президенттің қарапайымдылығына көз жеткіздім», – деді көрме авторы Тұрар Қазанғапов.

Новости партнеров