|
17.10.2019 | 13:10
8499

Елімізде «түтікше арқылы» туған тұңғыш қыздың ана атанғаны жайлы ақпарат дауға ұласты

Бүгін, 17 қазан сағат 16:30-да Нұр-Сұлтан қаласында осыған байланысты баспасөз конференциясы өтеді

Елімізде «түтікше арқылы» туған тұңғыш қыздың ана атанғаны жайлы ақпарат дауға ұласты

15 қазан күні осыдан 24 жыл бұрын елімізде тұңғыш рет экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) арқылы дүниеге келген қыз ата атанды, деп хабарлайды Almaty.tv. Жүктілік және босану табиғи жолмен болды, бала өз уақытында, дені сау, 3.200 келі боп туды.

Бүгінде әлем бойынша ЭКҰ-ның көмегімен 6,5 миллиондай бала дүниеге келген. 42 жыл ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру  технологиясы көпшілік тарапынан қолдауға ие болып, тіпті медициналық сақтандыру бағдарламасына енді.

Дегенмен, сонымен қатар ЭКҰ жайлы алып-қашты әңгімелер мен аңыздар да көп. Көпшілікті «эко арқылы дүниеге келген балалардың дені сау бола ма, олар табиғи жолмен перзент сүйе ала ма?» деген сұрақ алаңдатқаны өтірік емес. Міне, мына оқиға осы сұрақтарға жауап болды.

«1996 жылы перзент сүйе алмай емделіп жүрген келіншекке ЭКҰ бағдарламасын жүргіздім. Қаншама жыл емделсе де, бір перзент сүйе алмай жүрген жандарға бұл сөзбен айтып жеткізе алмас қуаныш сыйлады. Алайда ә дегеннен-ақ жолы бола кетті деу өтірі, бірінші рет ұрық жетілмей қалды, тек екінші рет жасаған кезде жүктілікке қол жеткіздік», - дейді жоғарғы дәрежелі дәрігер-репродуктолог, репродуктивті медицина орталығы басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Людмила БАДЕЛЬБАЕВА.


БАҚ-та осыдан 24 жыл бұрын ЭКО арқылы дүниеге келген тұңғыш қазақстандық қыздың ана атанғаны жайлы ақпараттың күмәнді екені жайлы хабарлама таралды.

Осыған орай, бүгін, 17 қазан сағат 16:30-да Нұр-Сұлтан қаласында осы ақпаратты таратуға байланысты баспасөз конференциясы өтеді.  

Толық жай-жапсарды сіздер «Алматы» телеарнасының кешкі жаңалықтарынан біле аласыздар.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир