Бауыржан Байбек алматылықтардың саны 3 миллионға қашан жететінін айтты
Алматы халқы жылына 50 мың адамға артып келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы халқы жылына 50 мың адамға артып келеді. Бұл туралы бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде қала әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматыдағы өмір сүру сапасының жоғарылығы адамдарды осында көшіп келуге ынталандырады. Жыл сайын қала халқы 50 мың адамға артып келеді. 15 жылда Алматы халқы 3 миллионға жетіп қалады», – деді әкім.
Шаһар басшысы олардың әлеуметтік жағдайын жасауды, жұмыспен қамту мәселесін шешуді басты назарға алып отыр.
«Бізге экономиканы қайта құрылымдау керек. 700 мың жаңа жұмыс орны керек. Көптеген сауда желілері функцияларын автоматтандырып жатыр. Адамдардың көпшілігінде жұмыс тапшылығы болады. Адамдар сонда қайда барады? Оларды оқыту жолдарын ойлану керек», – деді әкім.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13