Б. Сағынтаев: Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу

Ашық дереккөз / открытые источники
Ашық дереккөз / открытые источники
Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу екендігін жазды, деп хабарлайды Almaty.tv. қала әкімінің инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

«Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу. Басқа елдерден келген науқастар және олармен байланыста болған азаматтар анықталғаннан кейін міндетті тестілеуге жататын жандардың аясы кеңейді. «Жедел жәрдем», емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлмелеріндегі, провизорлық стационарлар мен зертханалардағы медицина қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Санэпидемиологтар сияқты олар да үнемі тестілеуден өтеді», – деп жазады Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, бұған өзге медициналық қызметкерлер, полицейлер, әскери қызметшілер мен блок-бекеттегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері де тексеруден өтеді. Сондай-ақ, тестілеуден өтуге респираторлық ауру белгілері бар, өкпе қабынуымен (пневмония) ауыратын және тыныс алу органындағы сырқатымен есепте тұрған қала тұрғындары да қамтылмақ. Жедел-тестілеуден қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер мен кәсіпорындарының жұмысшылары да өтетін болады, деген.  

«Вирустың жасырын ошағын дер кезінде анықтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Біздің міндетіміз – қауіпті індеттің өршіп кетуіне жол бермеу», – деп жазады қала әкімі. 

Новости партнеров