|
24.01.2020 | 14:42
1039

Былтыр 136 мың отбасы мұқтаждықтан шықты

550 мың азаматтың борыштық жүктемесі, яғни 1,2 млн өсімпұлы кешірілді

Былтыр 136 мың отбасы мұқтаждықтан шықты

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев дәл осылай деді. Айтуынша, 550 мың азаматтың борыштық жүктемесі, яғни 1,2 млн өсімпұлы кешірілді. Бұл мақсатқа бюджеттен жалпы 149 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша сіздің берген тапсырмаңызды орындау үшін Үкімет өткен жылы 2 700 мың адамның, 770 мың мұғалімнің, дәрігерлердің, әлеуметтік, мәдениет, өнер, спорт, архив салалары қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға ұлғайтты. Зейнетақы, жәрдемақы орта есеппен 7-20 пайызға көбейді. Бұларға берілетін қаржы былтырғымен салыстырғанда 300 млрд теңгеге артып, 3 трлн 300 мрлд теңгені құрады», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ.

Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ, елімізде 315 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгенін жеткізді. Нәтижесінде 136 мың отбасы мұқтаждықтан шыққан. 150 мыңы жеке шаруа қожалығын дамытты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмыспен қамтылып, өз ісін өрге дөңгелеткендер де баршылық.

«94 мың адам жұмыспен қамту шарасымен қамтылды. Соның нәтижесінде 8500 отбасы өзінің кәсібін ашты. Оған қоса жергілікті билік пен демеушілердің қолдауымен 2,2 млн қазақстандыққа 80 млрд теңгенің көмегі көрсетілді», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир