Павлодарда екі жігіт суға батып кетті

elements.envato.com
elements.envato.com
Екеуі де арнайы жабдықталмаған жерде шомылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сүңгуірлер олардың бірінің мәйітін судан алып шықты. Екіншісін іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында соңғы үш күнде өзен-көлдерде шомылып жүрген 32 және 38 жастағы екі ер адам суға кетті.

Екеуі де арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

- Қайғылы оқиғаның бірі 21 маусым күні Железин ауданы Башмачное ауылы маңындағы Ертіс өзенінде, екіншісі 22 маусым күні Қ.Сәтбаев атындағы каналда, Шідерті кентіне жақын жерде болған. Каналға батып кеткен азаматтың мүрдесі табылды, екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, -деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда 19 жастағы жігіт суға батып кеткен еді.

Оқи отырыңыз:Тараздағы жерасты жарылысының себебі белгілі болды

Новости партнеров