Алматыда табиғи апатқа қарсы оқу-жаттығу өтті

27.07.2023 19:45

Мегаполисте халық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 384 пункт бар

Almaty.tv

Алматы төтенше жағдайға дайын. Бұл туралы табиғи апаттарға қарсы оқу-жаттығу жүргізген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполисте халық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 384 пункт бар. Оның 68-і Бостандық ауданында орналасқан. Қабылдау бекетінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Оларға азық-түлік және уақытша жатын орын да қарастырылған. Төтеншеліктер пункт жұмысының басқа да мүмкіндіктерін қала тұрғындарына таныстырды. Мақсат – апатты жағдайлар кезінде көпшілікті ақпараттандыру.

– Төтенше жағдайлар болған кезде медициналық обьектілерде санитарлық пәтер пунктары да жұмыс жасайды. Уақытша бұл жерде қырық сегіз сағат немесе үш тәуліктен кейін баспанасыз қалған халықты эвакуциялап, шет жерге алып кетеді. Негізгі мақсаттың бірі осы болып саналады, – деді Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Назерке Айтқожаева.

Оқи отырыңыз: Тамыз айындағы ең қауіпті үш күн айтылды