Азғындық: 5 жасар қыздың өлімінен кейін өңір тұрғындарын тексеру басталды

27.07.2023 20:06

Сарыағаш ауданында қаршадай қыздың денесі көрші үйдің шатырынан табылған еді

Almaty.tv

Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімінен кейін жергілікті прокуратура өңір тұрғындарын тексеруді қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар 1 ай бойы аймақта кімнің тұратынын және қоғамды қандай адамдар құрайтынын анықтамақ ниетте. 

Есте болса, осыдан 2 апта бұрын Сарыағаш ауданында қаршадай қыз жоғалып, оның сау тамтығы қалмаған денесі көрші үйдің шатырынан табылған еді. 

Күдікті ретінде бұрын сотты болған сол елдімекеннің тұрғыны ұсталып, абақтыға қамалған. Қазір тергеу жүріп жатыр

Оқи отырыңыз: Азғындық: Түркістан облысында 5 жасар қыз жер қойнына тапсырылды