|
09.10.2019 | 14:46
4098

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

Елімізде көпбалалы 343 мың отбасы бар

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан белгілетен мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдан бастап төленеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер де біздің ұсынымыз қолдауға ие болса, яғни тиісті заң жобасы қабылданса, 1 қаңтардан бастап осы жәрдемақыны төлеуді жоспарлап отырмыз», - деді Б. Нұрымбетов.

Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде көпбалалы 343 мың отбасы бар. Солардың ішінде төрт балалылары 61 пайызды, бес балалылар – 27 пайыз, алты балалылар – 9 пайыз, жеті және одан көп баласы барлар 3 пайыз деңгейінде. Бұдан бұрын хабарланғадай, көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақыны беру ұсынылған.

Сондықтан ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын болады. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир