Алматы облысында 55 жастағы ер адам жоғалып кетті

inform.kz
inform.kz
Д. Борантаев 18 қаңтар күні Қызылағаш ауылындағы үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 1964 жылғы Борантаев Досымхан есімді ер адам үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 10 күннен бері хабар-ошарсыз кеткен ер азаматқа Алматы облыстық Полиция Департаменті іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Д. Борантаев 18 қаңтар күні Ақсу ауданының Қызылағаш ауылындағы үйінен шығып кетіп оралмаған.

Үстіне қара былғарыдан тігілген күртеше, қара түсті шалбар киген. Аяқ киімі мен бас киімі де қара түсті. Егер суреттегі ер азаматты көрген-білгендер немесе қандай да бір ақпараттан хабардар болса, бірден 102 номеріне хабарласуға болады.

«Сондай-ақ Ақсу аудандық полициясының кезекші бөліміне 8 (72832) 21595 немесе көрсетілген 8 771 417 11 10 ұялы телефон нөміріне хабарласу қажет» делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Новости партнеров