|
16.05.2019 | 14:47
1778

Алматы облысында әйелдерге шабуыл жасаған қарақшы ұсталды

Ол 36 жастағы ер адам болып шықты

Алматы облысында әйелдерге шабуыл жасаған қарақшы ұсталды

Алматы облысының полицейлері 36 жастағы ер адамды әйелдерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.  

Қазіргі уақытта оған екі әйелге шабуыл жасады деген айып тағылып отыр, олардың біреуі тоналған, ал екіншісі тоналумен қатар зорланған. Екі қылмыстық әрекет те сәуір айының соңында және мамырдың басында Іле ауданында болған.  

«Бастапқыда оны жас әйелдің арызы бойынша ұстаған. Әйелді Жәпек ауылына жақын маңда тонап, артынша зорлаған. Тексеру кезінде оның тағы бір әйелді тонау ісіне қатысы бары анықталды. Екі жағдайда да ер адам әйелдердің ақшасын, әшекей бұйымдарын және телефондарын алып кеткен. Күдіктіні тінту кезінде зардап шеккен әйелдердің бірінің төлем картасы анықталған», - делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Күдікті бұрындары зорлық ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта полиция айыпталушының басқа да істерге қатысы бар жоғын тексеріп жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир