Алматыда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бастамасымен флешмоб өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жедел-жәрдем көліктері қала көшелерінде жарық-шамдарын қосып, бір ізбен жүрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Үйде болыңыз». Бұл екі ауыз сөздің елең еткізер еш әсері жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ қазіргі таңда сіз карантин шараларын қатаң сақтап, үйде болу арқылы қауіпті індеттің алдын-ала аласыз. Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бастамасымен флешмоб өтті. Жедел-жәрдем көліктері қала көшелерінде жарық-шамдарын қосып, бір ізбен жүрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Бұл көліктер ешқандай шұғыл желіге немесе қауіпті ошаққа аттанып бара жатқан жоқ. Бар болғаны флешмоб қана. Кешкі сағат 21.00. Қаладағы №6 қосалқы станциясының 10 жедел-жәрдем көлігі флешмобқа шықты. Жарық-шамдары мен дабыл қағып, қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Мұндай жедел жәрдем көліктерінің көрнісі менің бойымда үрей сезімін тудырды. Мұндай көрініс алматылықтардың да назарын аудартпай қоймайтыны белгілі. Десе де мұндағы басты мақсат – тұрғындарды үркіту емес, үйдегі карантин шараларын барынша сақтауға шақыру.

Алматылықтар сырттағы көріністі терезден қарап түсінбеген сыңай танытты. Назарын аудартты. Бірақ, тұрғындардың үрейленуіне еш себеп жоқ. Флешмоб тек Алматыда ғана емес, барлық республикадағы аймақты қамтыды. Дәрігерлер осындай ерекше көріністе барлық қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға кеңес беруде.  

«Бұл көрністің негізгі мақсаты - Алматы қаласы тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтап, үйде отыруды ескерту. Яғни, ауру ошақтары анықталғанда Алматы қаласы жедел жәрдем қызметі толыққанды осы жүйеде бірігіп қызмет ететінімізді көрсету болған негізгі мақсатымыз. Және де өрсете білдік деп ойлаймыз. Дәрігерлер үшін карантин ережелерін сақтап, үйде болуы біз үшін үлкен қызмет», – деді  № 6 қосалқы жедел жәрдем станциясының меңгерушісі Шайхиддин БАДИРОВ.

Жедел жәрдем қызметкерлеріне жәрдем етем десеңіз – «үйде болыңыз». Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын да бұлжытпай орындаған жөн. Қарапайым қағидаларды ұстану арқылы біз әлемді жайлаған ауруды бірігіп жеңе аламыз.

Ұлағат Арғын, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров