Елімізде Starlink интернетін қолдануға бола ма

Almaty.tv
Almaty.tv
Байланыс саласын реттейтін заңнама келесі жылы қарастырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда Илон Масктың Starlink интернетін қолдануға заңды түрде рұқсат берілмеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиинің айтуынша, аталған компанияның байланыс технологиясын пайдалану үшін олар жергілікті жерге құрылғыларын орнатып, үш жыл мінсіз қызмет ететінін дәлелдеу керек екен.

Дегенмен ведомство басшысы қазір Starlink интернетін пилоттық режимде 10 ауылдық мектепте қосып, тексеріп көру көзделгенін жеткізді. Ары қарай заңнамалық түрде біраз құжатты өзгерту қажет.  

– Заңнамалық шектеулер шынымен де бар және бұл шектеулер тек Қазақстанда ғана емес. Қазір барлық елде байланыс саласын реттейтін заңнаманы қайта қарап жатыр. Біз келер жылы реттеуді жоспарлап отырмыз. Бірінші немесе екінші жартыжылдықта деп нақты айта алмаймын, өйткені бәрі Парламент Мәжілісіне байланысты. Егер Мәжіліс қолдаса, қабылданады, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауыл мектептеріне интернет қашан тартылады

Новости партнеров