|
21.11.2023 | 18:30
2720

Қаржы пирамидасы: Қызылорда облысында 3 күдікті ұсталды

Олар шаһар аумағында қаржы мекемесінің құрылымдық бөлімшесін ашқан

Қаржы пирамидасы: Қызылорда облысында 3 күдікті ұсталды Фото: elements.envato.com

Қызылорда облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен 3 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, олар шаһар аумағында қаржы мекемесінің құрылымдық бөлімшесін ашқан. Сол арқылы желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен жергілікті тұрғындардың қалтасын қаққан. 2019-2022 жылдар аралығында барлығы 35 жергілікті тұрғынның 44 миллион теңгесін алаяқтық әдіспен иемденіпті. Қазір тергеу жүріп жатыр.

– Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық Процестік Кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда 9 заңсыз ұйым анықталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир