Көшкін қаупі бар беткей тұрғындарының проблемасы шешілді

Көшкін қаупі бар беткей тұрғындарының проблемасы шешілді
Жұмыс 60%-ға орындалды, барлық апатты қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау 30 қарашаға жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалалықтардың Алматы әкімі Б. Сағынтаевқа өтінішінен соң Көктөбе тауының бөктерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі шілде айында Медеу ауданын аралаған кезде Көктөбе тауының көшкін қаупі бар аумағына орналасқан бірнеше үй тұрғындары көмек көрсетуді сұраған еді. Қауіпті аймақта 60 үй орналасқан. Үйлерге опырылып құлау қаупі төнген соң қала әкімінің тапсырмасы бойынша беткейді нығайту үшін жедел жұмысқа кірісу қажет деп шешілді.

Нығайту жұмыстары тамыз айында басталды. Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерінде 250-ге жуық адам тұратын 60 жеке үй орналасқан. Сарапшылар жалпы алғанда 290 метр беткейді нығайту қажет деген қорытындыға келді.

Қазіргі кезде ұзындығы 290 м болатын беткей тазартылды, жеті метрлі габион төселуде. Ұзындығы 25 м, биіктігі 8 м болатын темірбетонды тірек қабырғасы орнатылуда.

Жұмыс 60%-ға орындалды, барлық апатты қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау 30 қарашаға жоспарланған.


Новости партнеров