Қазақстан алма бағасының арзандығы бойынша әлемде 19 орынға тұрақтады

фото: Pixabay
фото: Pixabay
Қазақстандықтар үшін алма бағасы бір жылда бірден 28,5 пайызға өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алма бағасы ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 104 елдің ішінен тек 19-шы орында тұр. 21 маусымдағы мәліметтер бойынша ҚР-да бір кг алма 1,22 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Energyprom.kz мониторингтік агенттігінің зерттеуі бойынша алма бағасы арзан алғашқы үштік:

1. Молдовада (0,62 АҚШ доллары)

2. Украина (0,65 АҚШ доллары)

3. Түркия (0,68 АҚШ доллары)

Рейтингке енген елдер арасында алма бағасы ең қымбат ел - Оңтүстік Корея (КГ үшін 6,17 АҚШ доллары).

Осылайша, еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласының "алма" символикасы болғанына қарамастан Қазақстан арзан алмасы бар елдер қатарына жатпайды. Мамыр айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар үшін алма бағасы бір жылда бірден 28,5 пайызға өскен. Ал баға өсуінің ең жоғары көрсеткіші Алматыда (бір жылда бірден 56,9% - ға) және Алматы облысында (47,3% - ға) байқалған.

Елімізде алма бағасының орташа бағасы 619 теңгені құрады. Мамыр айындағы зерттеу бойынша елде алма бағасы ең қымбат үштік:

1. Ақтау – 792 тг

2. Өскемен - 745 тг

3. Нұр-сұлтан - 711 тг

Ал, тиісінше ең жағымды баға бойынша үштікте:

1. Қызылорда - 514 тг

2. Ақтөбе - 528 тг

3. Көкшетау - 531 тг

Новости партнеров