|
23.06.2022 | 14:50
1663

Алматыда Райымбек Сейтметовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды

Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан үйге ілінді

Алматыда Райымбек Сейтметовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды Almaty.tv

Алматыда театр және кино әлемінде өшпес із қалдырған Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Райымбек Сейтметовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Естелік белгі қаламыздың Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан үйге ілінді. Іс-шараға қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов бастаған театр майталмандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Жақсы сөз бар ғой «әр қазақ менің жалғызым» деген. Райымбек Сейтметов – жалғыз. Қайталанбайтын талант. Мен ол кісінің кезінде театрда істедім. Мәскеуден келгенім сол еді Рәкең «екеуміз жұмыс істейік» деді. Жұмыс істемейтін болсаң жолың ашық кете бер деді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір.

«Райымбек аға театрға келіп, Шерхан ағаның «Қызыл жебесін», «Сталинге хат», «Бесеудің хатын» жасап, театрдың мерейін көтеріп кетті. Театрға академия атын алып берген де Райымбек аға болатын», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир