Өгей әкесі аяусыз соққыға жыққан: Өскеменде 7 жастағы бала ауруханаға жеткізілді

zhaikpress.kz
zhaikpress.kz
Анықталғандай, баланы анасының 42 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласында 7 жастағы баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, медициналық мекемеге миы шайқалып, бет-аузы жараланған бала жеткізілген. 

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша бірден тексеру жүргізді. Анықталғандай, баланы анасының 42 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соққан. 

«Бұл отбасында кәмелетке толмаған төрт бала бар. Алайда екеуі ресми түрде некеге тұрмаған. 6 желтоқсанда балалардың анасы жұмысқа кеткен. Ал жұмыс істемейтін ер адам үйде қалды. Кеш оралған әйел ұлының жарақаттарын көріп, учаскелік полиция инспекторына хабарласқан. Бала дереу ауруханаға жеткізілді», – делінген ақпаратта. 

Тергеу барысында анасы айтқандай, күйеуі сол кезде мас болған. 

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Новости партнеров