Қырғызстаннан Ақтөбеге гуманитарлық көмек жеткізілді

Almaty.tv
Almaty.tv

15 жүк көлігін сол елдің Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары бастап келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстаннан Ақтөбеге гуманитарлық көмек жеткізілді. Көрші елден келген 300 тонна жылуды Төтенше жағдайлар министрілігінің өкілдері күтіп алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туыс ел басына күн туғанда жайбарақат жата алмаған айыр қалпақты ағайынды көппен бірге қарсы алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, 3000 шақырымнан астам жолды артқа тастап, қырғыз елінің аманатын жеткізгендерге алғысын білдірді. 15 жүк көлігін сол елдің Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары бастап келген.

– Құрметті ақтөбеліктер, біздің аса қадірлі президентіміз Садыр Жаппаровтың тікелей тапсырмасымен су тасқынынан зардап шеккен ағайынға көмекті алып келдік. Бұл жерде тұрмысқа қажетті заттар бар. Қазір жүк көліктері Ақтөбеге келіп тоқтады. Осы жерден өзге өңірлерге таратылатын болады. Бауырлас елдің көмегі деп қабылдарсыздар, – деді Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырканов.

Оқи отырыңыз: Алматыдан 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек Атырау облысына жөнелтілді

Новости партнеров