Жаңаөзен мұнайшылары мәселеміз шешілмеді деп Астанаға тағы бармақшы, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінде бірыңғай төлем жүйесіне қатысты да, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі де талабымыз орындалмады дейді.
Олардың айтуынша, комиссия жұмысына көңілдері толмайды. Сондықтан 15 маусымда елордаға келгелі отыр.
Ал Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұған жауап ретінде «Мөлдір-мұнай Сервис» компаниясында жыл соңына дейін жұмыс көлемі бар екенін, наразы мұнайшыларға сол жерден жұмыс ұсынылғанын айтты.
Оның айтуынша, сол мекеме ұтып алған жағдайда 3 жылдық келісімшарт жасау жөнінде шешім болады.
Оқи отырыңыз: Балалар күнінде балабақшадан былық шықты