Жұмыс берушілерге жаңа міндет жүктелді

elements.envato.com
elements.envato.com
Құжат 12 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазатайым оқиғалар туралы актіні еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға электронды форматта жіберу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қағидада өндіріске байланысты әр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс берушінің үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазатайым оқиға туралы актісін жасауға және оны электронды форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті екені көзделген.

Жазатайым оқиға туралы акт "Электронды еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жіберіледі. Көрсетілген портал арқылы жазатайым оқиға туралы хабарлама жіберу үшін жұмыс беруші электронды цифрлық қолтаңбамен расталған жеке кабинетті тіркеуі қажет.

Жеке кабинетте жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы актіні сканерленген көшірме түрінде тіркейді және электронды цифрлық қолтаңбамен қол қоя отырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ақпараттық жүйесіне жібереді. Жазатайым оқиға туралы актіні жұмыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша жұмыс берушінің актісімен осы жауапкершілік жүктелген қызметкер береді.

Құжат 12 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қанша сапасыз құрылыс нысаны анықталды

Новости партнеров