|
29.12.2019 | 14:54
1557

Дүйім жұрт ұшақ апатынан ажал құшқан Валерий Ануфриевпен де қоштасты

Қызметтес болған жақын досы марқұмды адал, мейірімді жан еді деп еске алады

Дүйім жұрт ұшақ апатынан ажал құшқан Валерий Ануфриевпен де қоштасты

Ауруханада көз жұмған азамат «Алатау» күрделі құрылыс департаментінің директоры қызметін атқарған екен. Марқұммен қоштасуға туған-туыстары, жақын достары, әріптестері жиналып, ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екі баланың әкесі Валерий Ануфриевпен бірге оқыған, қызметтес болған жақын досы марқұмды адал, мейірімді жан еді деп еске алады.  

«Биылғы жыл бұл отбасы үшін қиын жыл болды. Наурыз айында Валерийдің әкесі өмірден қайтқан болатын. Енді міне, өзі де қайғылы апаттан қаза болды. Отбасында асыраушы ер адам қалмады былайша айтқанда. Өте ауыр қаза біз үшін. Балалары өсіп қалған. Әкесінің өмірден өткенін 11 жасар баласы түсініп тұр»,  - деді В. Ануфриевтің досы Георгий КОГАЙ.

«Ол туралы жаман айту мүмкін емес. Өзі ақпейілді жан еді. Ешкімге жамандық ойламайтын. Әрдайым кеңес айтып, қолдан келер көмегін беретін. Өмірден жастай өткені өте өкінішті», - деді В. Ануфриевтің досы Саманта АШИРОВА.

«Жақын жолдасымнан айырылып қалдым. Университеттен бірге араласып жүр едік. Көмек қажет кезде әрдайым жанымнан табылатын. Отбасына қиын болатын болды. Бір ұл, бір қызы қалды артында», - деді В. Ануфриевтің досы Фарух ИЛЬСИДДИНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир