«Ақбұлақ» тұрғындары қаңғыбас иттен жапа шегіп отыр

«Ақбұлақ» тұрғындары қаңғыбас иттен жапа шегіп отыр
Биылдың өзінде 1000-нан астам адамды қаңғыбас иттер қауып алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңғыбас иттер қаптап барады. «Ақбұлақ» ықшамауданының тұрғындары мектеп жанындағы бұралқы иттер баламызға шабуыл жасай ма деп қорқады. Егер статистикаға сүйенсек биылғы жарты жылдықтың өзінде қала бойынша мыңнан аса оқыс оқиға тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ата-аналар балалары  сабаққа барып қайтқанша жандарын шүберекке түйіп отыратынын айтады. №181 мектептің ауласында қараусыз қалған иттер алаңсыз жатыр. Олардың бүлдіршіндерді қауып алмасына кім кепіл.

«Менің студент баламды ит қауып алуға сәл қалыпты. Адамнан қорықпайды дейді. Өзім барып таспен қусам да, кетпейді. Жүгіріп қуады», – деді бір тұрғын.

«Балабақшаға, мектепке бару үшін айналып өтеміз. Әйтпесе қаңғыбас қуалайды», – деді екіншісі.

«Менің атым Әнуар, бірінші сыныпта оқимын, мектептің қасында иттер көп жүреді, мен қорқамын», – дейді кішкентай тұрғын.

Мектепке баратын балалары үшін алаңдайтын ата-аналар қаңғыбас иттердің саны күн суытса тағы артып кетеді ма деп қорқып отыр. Қазірдің өзінде көшеде жүргендерге шабуылдаған көрінеді. Біздің түсірілім топ барған соң ғана, қаңғыбас иттерді аулайтын арнайы мамандар шақыртылды. Олардың айтуларынша, осы ауданға бірнеше рет келіп, мектеп маңындағы иттерді ұстай алмай кеткен көрінеді. Бүгін таң атпастан екі бригада келіп, олардың мойнына арқан тақты.

Алматы қаласы бойынша Биылдың өзінде 1000-нан астам адамды қаңғыбас иттер қауып алған.  Мамандардың айтуынша, егер тұрғындар көшелерінен қандай да бір бұралқы иттерді байқаса, бірден 109 қоңырау соғулары қажет. Ит аулағыштар өздігінен келіп, көрінген итті тұсаулай алмайды, дейді ветеринария бөліміндегілер. Егер ұсталған иттердің иелері табылып жатса, оларға бірінші ескерту жасалады. Ал, бұл оқиға қайталанса, жаза қатаң.

«Егер мұндай жағдай қайталанатын болса, ит немесе өзге де жануар иесіне айыппұл салынады. Бұл әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі. Ит иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады», – деді Алматы қаласы ветеринарлық қызметі жануарларды аулау бөлімінің жетекшісі.

Білім ошағы маңындағы қараусыз қаңғырып жүрген бұралқы иттердің барлығы ұсталмағанымен, мамандар 1-2 күннің ішінде қаңғыбас иттердің түгелдей торға қамаймыз деп сендірді.  

Арнат Байсеитов, Рашид Шүкіралиев, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров