Алматыда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспаналар дайын

Алматыда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспаналар дайын
Бағдарламаға құжаттарды 23 қыркүйек пен 6 қазан аралығында тапсыруға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бағдарлама бойынша бірінші кезекте 250 бір бөлмелі пәтер берілгелі отыр. Олар Алатау ауданына қарасты «Көкқайнар», «Саялы» және «Алғабас» ықшамаудандарында орналасқан. Жалпы биыл мың пәтер беру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жастарға пәтер дайындауға мемлекеттік бюджеттен биылға 8 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы бүгін қаланың тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев мәлімдеді. Бағдарламаға құжаттарды 23 қыркүйек пен 6 қазан аралығында тапсыруға болады.

«Мысалы, сіз 29 жасқа толмағансыз, жаңағы айтқан құжаттарды жинап, сайт арқылы ЭЦП-мен құжаттарыңызды тапсырасыз. Баллдық жүйемен сіздің балдарыңыз саналады. Пәтерге лайықты болсаңыз, бал несімен жүреді ғой. Сізге пәтер мен құжаттар рәсімделеді. Жаңағы айтқан 12 мыңға дейін. Төлемақысы. Ай сайын пәтердің. Жаңағы коммуналдық қызмет оны өзіңіз бөлек төлейсіз», – дейді Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек САЙДЕЛДАЕВ.

Еске сала кетейік, бағдарлама жастарды алғашқы кезеңдерде қолдап, аяққа тұрып кету үшін іске қосылды. Яғни, жалдамалы пәтерде тұрып, ақша үнемдеген олар өз баспаналарына қаражат жинауға мүмкіндік алады.

Новости партнеров