Референдумға дейін:
10
күн
8
сағат
59
минут

Тоқаевтың штабы қарттармен кездесіп, зейнетақыны көтеру жайлы мәселе қозғады

Тоқаевтың штабы қарттармен кездесіп, зейнетақыны көтеру жайлы мәселе қозғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зейнетақы реформасын жалғастырып, зейнеткерлеріміздің өмір сүру сапасын жақсартамыз. Бұл – Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоспарлаған ісі. Бұдан бөлек Президенттіке кандидат өзінің сайлауалды бағдараламасында әлеуметтің әлеуетін арттыруға да ерекше көңіл бөлген. Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Республикалық қоғамдық штабы Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында болды. Жергілікті тұрғындармен кездескен партия өкілдері, сайлауалды бағдарламаның тарауларын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Өрлеу – қарттарымызға зейнетақысын дұрыстап төлеп, жыл сайын мөлшерін арттырып отыру. Сонымен қатар, зейнетке шыққан қарияларымызды қолдап, оларға зейнетақыдан да басқа көмек үлгісін көрсету керек деген сөз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Мәулен ӘШІМБАЕВ.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында  зейнеткерлерге, үлкен кісілерге әлеуметтік көмек көрсетеміз деген арнайы жолдар бар. Соны шын мәнінде жүзеге асырып, зейнетақыны көбейтіп, көптеген жеңілдіктер жасаса жақсы болар еді», – деді БҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали МҰХАМБЕТОВ.

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек нарығын кеңейтуге де бағытталған мақсаты бар. Нақтырақ айтсақ, ол өз өнімдерімен жаңа нарыққа шығатын кәсіпорындар қолдауға ие болады дегенді айтады.

Новости партнеров