Америкалықтар асырап алған қазақ қызы Сара туған анасын іздейді

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы Сара туған анасын іздейді
2003 жылы Әсем Асылбекованы 1 жасында америкалықтар Алматы облысының Есік қаласындағы балалар үйінен алып, асырап алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ қызы анасына іздеу салады! 2003 жылы Әсем Асылбекованы 1 жасында америкалықтар Алматы облысының Есік қаласындағы балалар үйінен алып, асырап алған. Ал, қазіргі ата-анасы АҚШ-қа барған соң, есімін Сара деп өзгерткен. Бүгінде 18 жастағы қандасымыз Саида Асылбекова есімді анасын іздеп жатыр. Қолында бір ғана құжаты бар ол әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрайды. "Алматы" арнасы бұл жайтқа бей-жай қарамай, Әсемнің анасын іздеуге кірісіп кетті. Белгілісі, Әсем соңғы рет паналаған Есік қаласындағы балалар үйі бірнеше жыл бұрын жабылып қалған екен. Арна журналистері Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты Еңбекшіқазақ аудандық филиалы директорының атына сауал хат жолдады. Жауабы алдағы дүйсенбі берілуі тиіс. Қадірлі көрермендер! Егер Саида Асылбекованы танып, білетіндер болса немесе өзі қызын танып, онымен хабарласамын десе, экранда көрсетілген нөмірге қоңырау шалсаңыздар болады.

8 (727) 266 39 67

Whats app 8 777 046 33 33


Новости партнеров