Әйел тамағында тұрып қалған дәрі қаптамасымен екі апта бойы жүрген

Әйел тамағында тұрып қалған дәрі қаптамасымен екі апта бойы жүрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәрігерлер бір апта бойы науқастың денесінен бөгде затты таба алмады

Британияның Белфаст қаласы тұрғынының өңешіне блистер (дәрі салатын ыдыс) тұрып қалып, жарты айдан астам уақыт жүрген, деп хабарлайды Sputnik.


Алдымен, әйел тамағы ауырғанына шағымданып жергілікті ауруханаға барады. Дәрігерлерге тамағында бөгде зат тұрып қалғандай күйде жүргенін айтады. Осылайша әйел бірінші лор маманға қаралады.

Емханадағылар әйелді тексергеннен кейін оның дәрі ішкен кезде тамағын зақымдап алған болуы мүмкін деп болжайды. Сондай-ақ, тамағының ауырғаны 48 сағат ішінде басылмаса, дәрігерлерге қайта қаралуға кеңес береді.

Алайда әйел араға үш тәулік салып тамағының әлі де ауырып жатқанын айтып ауруханаға түседі. Бұл жолы дәрігерлер оны контранстық рентгенографияға түсіріп, денсаулыққа зиян келтіретініндей ешнәрсе анықтамайды.

Бұдан кейін дәрігерлер оны гастроскопияға бағыттап, тамағында трамадолдың қабымен жүргені белгілі болады. Әйел оны түнде дәрі ішпек болған кезде байқамай жұтып қойған.


Новости партнеров