Әуежайлар маңындағы заңсыз үлестірілген жер телімдері мемлекетке қайтарылады

7kun.kz
7kun.kz
Жер учаскелерінің 900-ден астамына ғимарат салынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуежай маңындағы заңсыз үлестірілген жер телімдері мемлекетке қайтарылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың саны 1200-ден асады. Жер учаскелерінің 900-ден астамына ғимарат салынған. Мұнымен қоса, аэродром маңындағы аумақтарда әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі объектіні салу дерегі тіркелген. Мұндай олқылықтар әсіресе, Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қаласында байқалып отыр. Авиация саласындағы түйткілдер Үкіметтің кезекті жиынында айтылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Индустрия министрлігіне заңсыз сатылған жер бойынша бірқатар тапсырма берді.

– Әуежайлардың айналасындағы жерлер тұрғын-үй құрылысына немесе бизнес нысандарына беріліп, ретсіз пайдалануда. Яғни, халықаралық стандарттар сақталмайды. Бұл ұшу қауіпсіздігіне әсер етіп отыр. Біз Үкіметте авиакеросин көлемін ұлғайту мәселесін бірнеше рет талқыладық, – деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Новости партнеров