|
14.03.2019 | 14:56
3253

Балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің жазасы күшейтіледі: Сенат заң қабылдады

Бес жылда 4 740 бала зорлық-зомбылықтан зардап шеккен

Балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің жазасы күшейтіледі: Сенат заң қабылдады иллюстративное фото

Парламент Сенаты заң жобасын қабылдады, онда балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің жазасын күшейту мәселесі қарастырылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Депутаттар «Кейбір заң актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Ол қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, сондай-ақ, әкімшілік ереже бұзушылықтар, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, неке және отбасы туралы кодекстерге түзетулерді қарастырады.

Қылмыстық кодекске түзетулер бас бостандығынан айыру мерзімін ұлғайту жолымен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Статистика мәліметтерінше, бес жылда 4 740 бала зорлық-зомбылықтан зардап шеккен.  

«Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп жатыр. Бұл ата-аналар, өгей әке, өгей шеше, педагогтер, қамқоршылар тарапынан кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және күш қолдану әрекеттері үшін жазалауға қатысты. Осы баптар бойынша 12 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп хабарлады Сенат өкілдері.  

Заң, сондай-ақ, мынадай норманы көздейді: сотталғандарға қатысты осы баптар бойынша міндетті түрде педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынады.

Заң жобасы Президент Әкімшілігіне жіберіледі және Мемлекет басшысы қол қойған жағдайда күшіне енеді. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін мектептердегі зорлық-зомбылық пен қорлау жағдайлары жиілеп кеткені - бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктер екенін айтқан болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир