Темекінің жаңа түріне заңмен тыйым салынуы мүмкін

informburo.kz
informburo.kz
Донор мәселесі де талқыға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Темекінің жаңа түрі – снюсті сатуға заңмен тыйым салу керек. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл денсаулыққа зиянды өнімді соңғы кездері кәмелет жасқа толмағандар көп пайдаланатын болған. Сол себепті оны тасымалдауға, өндіруге, сатуға шектеу қойылмақ.  Ал егер талапқа бағынбағандарға қомақты айыппұл салу қажет деген ұсыныс жасады төменгі палата депутаттары.

«Электронды шылым» немесе «снюс» деп атап жүрген шылымның бір түріне жастар арасында қызығушылық ұлғайған. Дерек көздері бойынша, снюстің бір пакетінде кем дегенде 40 миллиграмм никотинн болады. 

Бұл темекінің екі қорабына тең . Сарапшылар снюсті адам бойында нейротоксикалық бұзылуларды тудыратын жеңіл есірткіге жатқызады. Еуропалық Одақтың тәжірибесіне сүйенсек, снюсті сатуға 1992 жылдан бастап тыйым салынған. Ал Ресейде бозбалалар арасында өлім жағдайлары тіркелгендіктен, 2015 жылдан бастап толығымен шектеу қойылған.

«Еліміздің Бас санитарлық дәрігері өткен жылдың желтоқсан айында снюсті сатуға уақытша тыйым салу туралы  қаулы шығарды. Бірақ әр түрлі жолмен снюстер елге әкелініп, қазақстандық жасөспірімдер оларды тұтынуды жалғастыруда. Әрине, бұл ретте санитарлық дәрігердің бір Қаулысы жеткіліксіз. Түбегейлі шаралар қажет. Ең алдымен, заңнамалық деңгейде реттеуіміз керек. Ал бұл тәжірибені Денсаулық министрлігі біле тұра біз қарастырып жатқан заң жобасына бұл норманы неге енгізбегенін түсінбеймін», – деді  ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Тіпті депутаттар 21 жасқа толмағандарға да темекі сатуға шектеу қою керек деген ұсыныс айтты. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі қолдайтынын айтып құтылды.

«Жалпы темекі шегу деген әр адамның денсаулығына әсер етеді. Сондықтан темекі тартуға шектеу қою ұсыныстарын біз қолдаймыз. Егер мұндай ұсыныс болса, біз ары қарай қарастыруға дайынбыз», – деді   ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ. 

Бұдан бөлек, донор мәселесі де талқыға түсті. Кодекс жобасының 215-бабында келісім презумпциясы қағидаты бойынша ағзалар мен тіндерді өлгеннен кейін алу қарастырылған. Бұл дегеніңіз, егер адам донор болудан бас тартуын білдірмесе, онда қайтыс болғаннан кейін оның ағзалары мен тіндері алынуы мүмкін. Бұл ретте ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының келісімі немесе келіспеуі ескерілмейді. Депутаттар адам өмірден өткеннен кейін оның донорлыққа рұқсаты болмаса, ағзалар мен тінін алуға, жол бермеуді ұсынды. Ал, министр, қайтыс болған адам денсаулық сақтау базасында өз ой-пікірін білдірмесе, ешқандай ақпарат болмаса, сол адамның туыстары келісім бергенде ғана марқұм донор бола алады. Ал туыстары келісім бермесе, донор болмайтынын айтты.

Новости партнеров