Халықаралық кәсіпқой веложарысының алғашқы кезеңі Алматыда 30 тамыз күні сағат 12:00-де «Алматы Аренадан» басталып, шабандоздар солтүстік бағытта Момышұлы көшесімен, эко-бекетке дейін барады. Ол жерде көлік қозғалысы 11:45-тен 12:15-ке дейін шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Пелотон бұрылып, «Индустриалды парк» аумағында спортышлар 7 айналым жасайды. Велошабандоздар Момышұлы, Мөңке би, Универсияда көшелерімен «Алматы Аренаға» қайта оралады. Аталған көшелерде көлік қозғалысы Түскі сағат 2:15 тен бастап бір сағат бойы жабық болады. Сондықтан көлік жүргізушілеріне Солтүстік айналма жолмен жүру тиімді болмақ. Ал, жарыстың 2-кезеңі 31-тамыз күні сағат 11:00-ден 15:30-ға дейін өтеді.
Велодода «Халық Аренаның» Талғар тас жолынан басталғандықтан, бұл ауданда уақытша көлік жолы 10:45 тен бастап жарты сағат аралығында жабылады. Сондай-ақ 20 команда қатысатын велотур Халиуллин көшесі, Шығыс айналма автокөлік жолы және Әл-Фараби даңғылдарында жалғасады. Жарыстың финалдық бөлігі Президенттік саябақ пен «Медеу» мұз айдыны арасында өткендіктен көліктерге сағат 11:15 пен 15:30 аралығында жүруге рұқсат берілмейді