Алматыда Конституция мерекесін тойлау Әуезов ауданында да жалғасын тапты. Мемлекетіміз үшін маңызды құжатты құрметтеуге келген тұрғындар бүгінгі мерекенің маңызы зор деп біледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жүрегі қазақ деп соққан жұрт халқымыздың басты мұраты орындалып, әлемде еркін ел ретінде ойып тұрып өз орнын алғанын мақтан тұтады.
«Бүгінгі Конституция күні құтты болсын. Сол баламыз екеуіміз бүгін концерт көруге келдік қыдырып. Өте жақсы демалып жатырмыз», – деді Айнұр АЛИШОВА.
Алмалы ауданында «Ата заңымызды» ұлықтауға арналған күні 2000 бала «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке қажетті құрал-жабдық пен мектеп формасын алды. Мерекелік шараға 1000-нан астам көпбалалы отбасы шақыртылған.
«Бұл шараның негізгі мақсаты біздің жағдайы төмен көпбалалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге жаңағы қайырымдылық көмек көрсету осы көмектің аясында осы Алмалы ауданы әкімінң өзінің ұйымдастыруымен осы Құрманғазы оркестрінің қолдауымен аудан бойынша әкімдік 2000-ден астам балаға өз көмегін көрсетуде», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышбек МҰҚАНҒАЛИЕВ.