|
28.03.2023 | 14:57
1775

Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзу стансасы іске қосылғанға дейін қабылданады

Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды improbablefacts.com

Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр.

04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары режимде болады,

09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда

12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда

14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда

18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда

00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда», – делінген хабарламада.

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзу стансасы іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды.

Жаңа ССС құрылысының аяқталуы – ағымдағы жылдың жазы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир