|
28.03.2023 | 15:00
485

Германияда халық ереуілге шықты

Жергілікті билік жұмысшылардың айлығын 5 пайыз көтеруді ұсынды

Германияда халық ереуілге шықты Almaty.tv

Германияда халық соңғы 30 жылда болмаған ереуілге шықты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Биліктен жалақыны көтеруді талап еткен кәсіподақ мүшелері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Қазір елде наразылыққа байланысты қоғамдық көліктер жүрмейді, әуежайлар мен теміржолдардың жұмысы тоқтап тұр. Қарсылық білдіргендер арасында әлеуметтік қызмет көрсету саласы мен көлік және инфрақұрылым қызметкерлері бар. Алайда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ахуалдың соншалықты қиын емес екенін айтады. Өйткені, бұл жағдайдан кейін халықтың басым көпшілігі қашықтан жұмыс істеуге көшкен немесе демалыс алған. Қазір мәселені шешу үшін келіссөз жүріп жатыр. Жергілікті билік жұмысшылардың айлығын 5 пайыз көтеруді ұсынды. Алайда кәсіподақ мүшелері өздері қойған талаптың орындалуын сұрап отыр.

«Біз жалақыны 10,5 пайыз көтеруді талап етіп отырмыз. Яғни, жалақымыз 500 еуродан кем болмауы керек. Өйткені елде инфляция деңгейі шарықтап кетті. Ал біздің айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Қарапайым жұмысшылар да күн көруі керек қой», – деді Verdi кәсіподағының өкілі Филипп Шуман.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир