Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға демеушілер пәтер сыйлады

inform.kz
inform.kz
Бүгін баспанаға аса мұқтаж үш отбасы демеушілердің көмегімен баспалы болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбедегі үш отбасына демеушілер пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласында көпбалалы, мұқтаж отбасылардың арыз-шағымдары тыңдалып, отбасының әлеуметтік картасы жасалып жатыр. Бүгін баспанаға аса мұқтаж үш отбасы демеушілердің көмегімен баспалы болды.

Пәтердің бірі ІІ топ мүгедегі Шолпан Әбетоваға берілді. Екі баласы бар ана 2013 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, пәтер жалдап тұрады.

«Күйеуім қайтыс болып, ауылдан қалаға көшуге мәжбүр болдым. Өзім ІІ топтағы мүгедекпін, жұмыс істемеймін. Жүйкем тозғаны соншалық, мүгедек болдым. Екі балам да мектепке барады. Үлкені 12 жаста, кішісі 5-те. Ай сайын 20 мың теңге коммуналдық төлемін беріп отырмын. Бірақ еш жағдай жасалмаған, лас еді. Жаңа пәтерге қол жеткізгенде өмірге бір бала келгендей қуанып тұрмын», - деді Ш.Әбетова.

Пәтер алғандардың бірі Гүлпаран Байбосынова. Балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана өз алғысын айтты.

Бүгін 6 балалы мұғалім де баспаналы болды. Алтынгүл Кәрібаева 7-ші баласын күтіп отыр, қазір перзентханада. Бұған дейін пәтер жалдап тұрған отбасы бүгін демеушілердің көмегімен жаңа пәтердің кілтін алды.

Демеушілікті «Спарта и Ко», «БИ-М-72» және «TSG Construction» ЖШС жасады.


Новости партнеров